Бүгін Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледж студенттерімен «Әйелге құрмет – балаға қамқор» атты іс-шара өтті.
Кездесу «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында өтті. Шараға студенттер, прокурор, психолог қатысып, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық қорғану жолдары, психологиялық қауіпсіздік және кибербуллинг мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда әйелге құрмет көрсетіп, балаға қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын түсіндіру, жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру.
