2026 жылдың 22 мамырында Алаш қайраткері, ғалым, алғашқы математика оқулығының авторы Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың туғанына 135 жыл толуына және «Ә.Ермеков атындағы математика және бастауыш математика курсын оқыту әдістемесі» дәрісханасының ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған «МАТЕМАТИКА – ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ҚОРҒАНЫНДА» өнеге сағаты өтті.
Шараның құрметті қонақтары: Қарағанды облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі, Қарағанды қаласы білім бөлімінің Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі, Саран қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі және “Саран газеті”.
Өнеге сағаты барысында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық -техникалық колледжі және Қарағанды қаласы білім бөлімінің «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» арасында білім беру, кәсіптік бағдар , ғылыми-әдістемелік және тәрбиелік бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты дамытуға арналған меморандумға қол қойылды. Әлімхан Ермеков — тек математик ғалым ғана емес, ұлтының болашағы үшін күрескен Алаш арысы, қазақ жерінің тұтастығын қорғаған тарихи тұлға. Оның ел үшін атқарған еңбегі мен қайсар рухы — кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге.

