Новости

      2024 жылдың 19-ақпанында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гумманитарлық-техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы аясында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісін жүзеге  асыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие»  тақырыбындағы қалалық семинар өтті.             

     Семинар алғы сөзін колледж директоры Темирбулатова Алма Асхатовна айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарға Саран қаласының Абай атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Күленбаева Алмагүл Исатаевна, ⁠Қарағанды қаласы Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мусаева Амина Ілиясовна, Қарағанды қаласы №14 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі  Темирханова Дарина Нұртаевна, Қарағанды қаласы №15 ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сайлау Әлия Маратовна, БМ-9-20 тобының студенті Шәріп Дамира Мейрамовна, Саран қаласының №17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, колледжіміздің  оқытушылары Алимжанова Назымгүл  Сайдагалиевна, Денеева Айгерим Рымкуловна қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

     Іс шараға колледжіміздің БМ-9-21, МД-9а-21, БҚТӘ-11-21 тобының студенттері қатысып  өздеріне қажетті ақпараттар алып, тәжірибе жинақтады. Семинар соңында пән бірлдестігінің жетекшісі Баймолдина Анар Сабыровна семинар қатысушыларына алғыс айтып, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Муфталова Акку Кусайыновна қатысушыларға сертификаттар табыстады.