Бүгін колледж конференц-залында «Ұлт қазынасы» жобасы аясында модератор Ермекова Дамелимен кездесу өтті.
Аталған жоба Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, белсенді жастарды қолдауға және олардың бастамаларын іске асыруға бағытталған. Жоба жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт әрі мүмкіндіктер алаңы болып табылады. Кездесу барысында қатысушыларға жобаның негізгі бағыттары мен мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, менторлық бағдарламаға қатысу, тәжірибелі мамандардан тәлім алу және Менторлық мектеп аясында білімін жетілдіру мүмкіндіктері түсіндірілді.
Жоба 14 пен 25 жас аралығындағы жастарға, соның ішінде NEET санатындағы және ауыл жастарына бағытталған. Негізгі мақсаты – талантты жастарды анықтау, қолдау көрсету, олардың әлеуетін ашу және білім беру мен кәсіби дамуға тең мүмкіндік жасау.
Жобаның негізгі міндеттері:
– талантты жастарды анықтау және дамыту,
– ұрпақтар сабақтастығы негізінде тәлімгерлік жүйені қалыптастыру,
– тиімді әлеуметтік лифт құру,
– түрлі сала бойынша ТОП-10 кәсіби мамандарды іріктеу арқылы Менторлық мектепті дамыту,
– жастар бастамаларын қолдау,
– ауыл жастарының оң имиджін қалыптастыру.
Жобаның ерекшелігі – 25-50 жас аралығындағы әртүрлі сала өкілдерінен менторлар пулын қалыптастыру. Әр ментор ауылдық елді мекендерге барып, қатысушылардың идеясы мен жеке қасиеттеріне қарай шәкірттерін іріктейді. Бір ай бойы «Өз ісіңді қалай табуға және табысты болуға болады? Шеберлер тәжірибесі» бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі. Сонымен қатар қатысушыларға жеке кеңес беру қарастырылған.

Сегодня в конференц-зале колледжа состоялась встреча с модератором Ермековой Дамели в рамках реализации проекта «Ұлт қазынасы».
Проект «Ұлт қазынасы», инициированный в Карагандинской области при поддержке управления по вопросам молодежной политики, направлен на поддержку активной молодежи и создание условий для реализации их инициатив. Он выступает эффективной платформой и социальным лифтом для молодых людей. В ходе встречи участникам была представлена подробная информация о возможностях проекта, включая участие в менторской программе. Особое внимание уделено формату наставничества, в рамках которого молодежь сможет выбрать ментора из числа опытных специалистов и пройти обучение в Школе менторства для дальнейшего профессионального и личностного роста.
Проект ориентирован на молодежь в возрасте от 14 до 25 лет, включая категорию NEET, а также на развитие сельской молодежи региона. Его цель — создание условий для выявления и поддержки талантливых молодых людей, раскрытие их потенциала и обеспечение равного доступа к образовательным, профессиональным и социальным возможностям.
В числе основных задач проекта:
– выявление и развитие талантливой молодежи,
– организация системы наставничества,
– формирование эффективного социального лифта,
– развитие Школы менторства с отбором ТОП-10 профессионалов,
– поддержка молодежных инициатив,
– формирование позитивного образа молодежи.
Особенностью проекта является формирование пула менторов в возрасте от 25 до 50 лет, представляющих различные сферы деятельности. Каждый ментор посетит сельские населенные пункты области и отберет учеников-последователей на основе их идей и личных качеств. В течение месяца участники пройдут обучение по программе «Как найти свое дело и стать успешным? Опыт мастеров», а также получат индивидуальные консультации.