Новости

     4 ақпан күні құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кезектен тыс кеңес өтті. Кеңес барысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық тәртібін нығайту және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, интернеттегі қауіпсіздік және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

     Одан бөлек, колледж ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттердің жеке істері қаралды. Бұған байланысты, бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар мен түзету іс-шаралары қабылданды.

     Кеңеске Саран қаласының ПБ ЖПҚБ ЮПТ Карибекова Д.Б. қатысты. Барлық қатысушылар жасөспірімдермен жұмыс істеу, олардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын арттыру және профилактикалық шараларды күшейту мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Алдағы уақытта, кеңес шешіміне сәйкес, білім беру ұйымдарында іске асырылатын жаңа профилактикалық шаралар мен жобалар әзірленеді.