Бүгін, 06.02.2026 ж., колледжімізде «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық апталығы аясында Техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейін білім беру ұйымдарының студенттерінің арасында «Құқық білгірлері» облыстық іскерлік ойыны өтті. Бұл іс-шара Қарағанды облысы колледждерінің құқықтық емес мамандықтар бойынша студенттері арасында, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы» КМҚК және «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК тарапынан ұймдастырылып, өткізіліп отыр.
Облыстық іскерлік ойыны «ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» пәні аясында оқытылатын құқықтық мәселелер білім, білік дағдыларын қолдану бойынша колледж студенттері арасында командалық сайыс түрінде 5 турдан өтті. Студенттердің бұл ойынын бағалаған әділқазылар алқасы: П.А. Жайкбаева, «№2 «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ тарих және құқық пәнінің мұғалімі; Н.П.Казакова, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, алқа президиумының мүшесі, Саран қалалық заң кеңесінің меңгерушісі; А.Д. Мухтизаров, Саран қаласы Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны; Ж.Т. Сапаров, запастағы подполковник; С.В.Сурначева, Саран қаласы білім бөлімінің «№ 1 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КММ тарих және құқық пәнінің мұғалімі; Ж.В. Хан, Саран қаласы ПБ Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты өз оң бағаларын беріп, ойын жеңімпаздарын анықтады.
20 колледж командасы қатысқан бұл жарыс барысында мынадай жүлделі орындарға ие болған колледж командалары 1, 2, 3 дәрежелі диломдармен марапатталды.


