gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf

Новости

   14.05.26. күні Абай Құнанбаев атындағы СЖГТК -нің жатақханасында"Адал азамат"біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде 7-мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр - Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай "Құрмет, борыш, абырой-адамзаттың құндылықтары" атты әскери-патриоттық форматтағы ерлік сабағы өтті. Шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаяубаев Ж.Қ. пен ардагер ұстаз, саясаттанушы Мустафин С.Х. ашып берді. Ерлік сабақта ҚР-ның Әнұраны, әскери патриоттық тақырыптағы әндер орындалды. "Бүгінгі жастар-ертеңгі ел қорғаны"-демекші, Халық қаҺарманы Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" романы бойынша әзірленген "Әке өсиеті" атты қойылым көрсетілді. Құрмет деген-туған елді сүю, халқына қызмет ету, ел үшін еңбек етіп, тер төгу-азаматтың ең асыл міндеті екенінің мағынасын аша отырып, ерлік сабағы студенттерімізге отансүйгіштік рух сыйлады.