Новости

     Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қоғамдық және жаратылыстану пәндер бірлестігі» декадасы аясында «Саран қаласына-70 жыл» атты мерейтойына арнап, 7 ақпанда пікір-сайыс өтті.
    Сайысқа «Дене тәрбиесі және спорт», «Информатика», «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандықтарында оқитын ДТ-9-23, ИЕТ-9-23, БМ-9-23, МД-9-23 тобының студенттері сайысқа түсті. Олар өз пікірлерін ортаға салып, шығармашылықтарын көрсете отырып, білімдерін шыңдады. Төраға болып ОтӘ-9-21 тобының студенттері Арыстанбек Сымбат, Ерденова Айзере, КИ-9-22 тобының студенттері Хуах Абай, Сәулебек Назгүл төрелік қызметін атқарды. Нәтижесінде:
БМ-9-23 тобының Бірлік фракциясы -1 орын
МД-9-23 тобының Сұңқар фракциясы-2 орын
ИЕТ-9-23 тобының Әділет фракциясы-3 орын
БМ-9-23 тобының студенті Ерғұлан Ақжарқын «Үздік спикер» номинациясына ие болды.
    «Ойында қас болсақ та, өмірде дос болайық» деп, фракциялар қол алысып, ойын аяқталды.
     Ұйымдастырушы: қоғамдық пәндер оқытушысы Рахимбаева А.С.