16.04.26 күні колледжімізде махаббат пен адалдықтың символы: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні атап өтілді!
15 сәуір – елімізде ғашықтар күні ретінде танымал, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін айтулы мереке. Осы орайда біздің колледжде жастардың бойындағы өнерді ұштап, қазақтың лиро-эпостық жырын ұлықтау мақсатында салтанатты іс-шара өтті.
Сайыс барысында жұптар өнер көрсетіп, өздерінің тапқырлығын, салт-дәстүрге жетіктігін және шығармашылық қабілеттерін паш етті. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар келесідей анықталды:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Бас жүлде: Нұрбек Расул мен Абдулхамитова Гүлназ - көрерменді тәнті еткен нағыз шеберлік пен үйлесім!
1-орын: Исабек Гулназ бен Нұрбекұлы Ислам.
2-орын:Саттарова Данира мен Абденов Ансар.
3-орын:Таймуханова Зере мен Серік Шапағат.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Махаббат пен сыйластық әрқашан жүректеріңізде болсын.
