Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - ұлы ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғалымдарының докторы, профессор, КСРО-ға Қазақ филиалы геологиялық ғылымдар инстутының алғашқы директоры,Қазақ ССР ҒА Президенті ,Қазақ ССР ҒА академигі, Совет одағы геолагтары ұлттық комитет төрағасының орынбасары, Тәжік ССР ҒА құрметті мүшесі, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың лауреаты.
Математика ғылымына қосқан үлесі-алғашқы қазақ «Алгебра» оқулығын жазуы. Бұл еңбегі өз алдына үлкен мол қазына десек те болады. Қолжазба барлығы 314 парагрфтан тұрады, 220 математика пәндерін қамтитын орысша-қазақша сөздік және логарифмдер кестесі енгізілген.
2024 жылдың 28 - ақпанында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлы-техникалық колледжінде Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай "Қазақтың Қанышы" тақырыбында іс-шара өткізілді. Ол шараға 60 шақты студент пен оқытушылар қатысты. Шараны ұйымдастырған математика пәнінің оқытушысы Құлпейсова Назира Елубайқызы.
Іс-шараның мақсаты алғашқы академик, көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет беру. Адамгершілік қасиеттерге ие жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.