Желтоқсан айының 23-і күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының 25 жылдығына орай Абайтану кабинетінің ашылу салтанатында “Абай тағылымы:Келешек көкжиегі” атты түлектердің ұйымдастыруымен облыстық іс-тәжірибелік семинар ұйымдастырды.
Абайтану кабинетінің ашылу салтанатында Касимова Бахытжамал Сагиндыковнаның 7 тобы, оның ішінде бүгінгі күні жоғары сатыға көтерілген директордың орынбасарлары, сайт, оқулық, жоба авторлары, республикалық жеңімпаздар келді. Сондай-ақ 1,2,3 курс студенттерімен тәжірибелік семинар өткізіліп, әдіс-тәсілдерімен бөлісті.