gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf

Новости

    2026 жылдың 10 сәуірінде «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК және «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында «Қабілетті және талантты жастар – біздің болашағымыз» VІІ аймақтық Слеті өтті.
Слетті ұйымдастырудың басты мақсаты - педагогикалық мамандыққа тұрақты қызығушылықты қалыптастыру және дамудың жеке кәсіби траекториясын таңдауға жәрдемдесу арқылы дарынды білім алушылардың кәсіби тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
    Слетке Теміртау Саран, Шахтинск қалаларынан және Абай, Бұқар жырау, Шет, Қарқаралы аудандарынан барлығы 8 мектеп қатысты.

   
    Слет үш кезеңнен тұрды:
- «Педагогикалық сынып: Мүмкіндіктер алаңы» медиа-таныстырылымы, онда командалар өз мектебіндегі педагогикалық сыныптың қызметін, қатысушылардың жетістіктерін және болашақ мамандық туралы көзқарастарын ашатын бейнеролик ұсынды;
- «Педагогикалық квест» зияткерлік ойыны – кәсіби қызмет ойыны, онда қатысушылар жеке маршрут парағы бойынша станциялардағы тапсырмаларды орындайды;
- Қызығушылықтар алаңы. Мұнда әр мектептің өкілдері гуманитарлық бағыт (практикалық, шығармашылық тапсырмалар, викториналар), жаратылыстану-ғылыми бағыт (практикалық тапсырмалар, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар), спорттық бағыт (ұлттық спорттық ойындар: «асық ату», «бес тас», «арқан тартыс») бойынша жарыстарға қатысып, өз қабілеттерін көрсетті.
    Слеттегі жастардың белсенділігі, адалдығы мен зияткерлік деңгейін қазылар алқасы қатаң бақылап отырды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
- І орын - ⁠Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- ІІ орын - Теміртау қаласы білім бөлімінің «№9 лицейі» КММ; ⁠Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ;
- ІІІ орын - Қарқаралы ауданы білім бөлімінің «Бүркітті ауылының № 20 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Саран қаласы білім бөлімінің «№ 17 мектеп-гимназиясы» КММ; Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ.
     Жеңімпаздар «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.