Новости

    2025 жылдың 18 сәуірінде «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында  «Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» VІ аймақтық слеті өтті.
     Слетті ұйымдастырудың басты мақсаты - мектеп білім алушыларында мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарын, педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту. 
     Слетке Қарағанды, Теміртау Саран, Шахтинск, Балқаш қалаларынан және Абай, Бұқар жырау, Шет, Қарқаралы аудандарынан барлығы 18 мектебі қатысты: Слет үш кезеңнен тұрды: 
- «Сәлеметсіз бе! Бұл біз!» көрсетілім алаңы, онда қатысушылар өз мектептерімен таныстырып, жүзеге асырылып жатқан педагогикалық сынып жобасы аясындағы іс-шаралармен таныстырды;
- «Қазынаны тап» зияткерлік ойыны - бұл квестте қатысушылар әртүрлі бағыттар бойынша тапсырмаларды орындады, өздерінің дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, спорттық дағдыларын, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын тексерді;
- Қызығушылықтар алаңы. Мұнда әр мектептің өкілдері гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, спорттық бағыттар бойынша арттерапияға қатысып, кәсіби тест тапсырмалары мен спорттық жарыстарда өз қабілеттерін көрсетті.
     Слеттегі жастардың белсенділігі, адалдығы мен зияткерлік деңгейін қазылар алқасы қатаң бақылап отырды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
- І орын - Шет ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат» КММ;
- ІІ орын - Қарағанды қаласы «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ және Балқаш қаласы «№ 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- ІІІ орын - Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ, Бұқар жырау ауданы «Көкпекті жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қарағанды қаласы «№82 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
    Жеңімпаздар «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

 

    18 апреля 2025 года на базе КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева» под руководством КГКП «Учебно-методический центр развития образования Карагандинской области» был проведен VІ региональный слет «Способная и талантливая молодежь - наше будущее», организованный в рамках реализации профильного проекта педагогического класса «Педагог – это звучит гордо!».
    Основная цель организации слета - формирование у обучающихся школ целенаправленной профессионально-педагогической ориентации, устойчивого интереса к педагогической деятельности, выявление, поддержка и развитие творческого потенциала молодежи. 
    В слете приняли участие 18 общеобразовательных школ с городов Караганды, Темиртау, Сарань, Балхаш, Шахтинск и из Абайского, Шетского, Каркаралинского, Бухар жырауского района.
    Слет состоял из трех этапов: 
- Демонстрационная площадка «Здравствуйте! Это мы!», где участники ознакомили со своими школами, ознакомили с мероприятиями в рамках реализуемого проекта педагогического класса;
- Интеллектуальная игра «В поисках сокровищ» - это квест, в котором участники выполнили задания по различным направлениям, проверили свои умения, творческие способности, спортивные навыки, интерес к казахскому, русскому, английскому языкам;
- Площадка интересов. Здесь представители каждой школы приняли участие в арттерапии по гуманитарным, научно-естественным, спортивным направлениям, показали свои способности в профессиональных практических заданиях и спортивных состязаниях. 
    Активность, целеустремленность и интеллектуальный уровень молодежи на слете строго контролировались жюри. По результатам трех этапов жюри определили победителей:
- І место  - КГУ «Интернат при опорной школе (ресурсный центр) имени Ы.Алтынсарина» отдела образования Шетского района;
-  ІІ место - КГУ «Гимназия имени Магжана Жумабаева» отдела образования города Караганды, КГУ «Общеобразовательная школа № 5» отдела образования города Балхаш;
- ІІІ место - КГУ «Школа-лицей имени Алимхана Ермекова» отдела образования города Балхаш, КГУ «Кокпектинская общеобразовательная школа» отдела образования Бухар-Жырауского района, КГУ «Общеобразовательная школа №82» отдела образования города Караганды.
    Победители были награждены дипломами КГКП «Учебно-методический центр развития образования Карагандинской области», всем участникам будут вручены сертификаты.

 

https://www.instagram.com/reel/DIlpHBss6ah/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==