Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

     Бүгін сәуір айының 25-інші жұлдызында Қарағанды қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында геолог-ғалым, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Қарағанды колледжі студенттерінің арасында «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ» атты облыстық зияткерлік сайысы өтті.

     Осы сайысқа Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі атынан «Ер Едіге» тобы қатысты. Топ мүшелері: Оразханұлы Серікбол ИЕТ 9-20 тобы; Шәріп Дамира БМ 9-20 тобы; Кульжабаева Арайлым БМ 9-20 тобы; Абдикенова Аяулым ҚТӘ 9-22 тобының студенттері қатысты. Жетекшілері: Габдуллина Күнтуар Мейрамқызы, Рахимбаева Айжан Сагатовна, Ыбышова Салтанат Жанабековна.

     Абай Құнанбаев атындағы  СЖГТК жүлделі 1 орын + 90.000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Сайыстан аяқталғаннан кейін колледж студенттері кітапхана ауласына тал отырғызып, Қаныш Сәтбаев ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.