17.04.25 күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұстаздары мен студенттері Павлодар қаласынан келген Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының, қазақ руханиятының үлкен тұлғасы Шәкәрім Құдайбердіұлының “Ұждан” идеясына арналған қойылымын тамашалауға барды. Бұл тек театр емес – бұл рухани ізденіс жолы… Ұждан – адам бойындағы әділет, мейірім, ар-ожданның жиынтығы ретінде бейнеленеді. Ұждан — адам бойындағы ар-ождан, ішкі адамгершілік сезімі, жақсылық пен жамандықты, әділдік пен әділетсіздікті айыра білетін рухани қасиет. Ұждан – адамның өз іс-әрекетіне, ойына, ниетіне деген ішкі бағасы, ар алдындағы жауапкершілігі. Студенттеріміздің жүрегіне бұл қойылым ерекше әсер етті.