А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, КИ-9-26 тобының студенті Мадина Нұрғазиева «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» облыстық олимпиадасында ІІ орын иеленді. Оның жетекшісі — Қозыбағаров Амангелді Ибадуллаұлы.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған олимпиада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1–2 курс студенттері арасында өтті. Білім сайысы жастардың ел тарихына қызығушылығын арттыруға және тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғалар туралы білімін көрсетуге мүмкіндік берді.
Облыстық деңгейдегі олимпиадада жүлделі орын алу — Мадинаның ізденісі мен дайындық жұмысының нәтижесі. Бұл жетістікке студенттің жетекшісі Амангелді Ибадуллаұлы Қозыбағаровтың қолдауы да өз үлесін қосты. Мадина Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды.
Колледж ұжымы Мадина Нұрғазиева мен оның жетекшісі Амангелді Ибадуллаұлы Қозыбағаровты құттықтап, алдағы білім сайыстарында табыс тілейді.
