24 қазан күні "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы және Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "Тәртіпті өзіңнен баста" атты акция аясында Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу. Кездесу барысында қатысушыларға қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар арасындағы тәртіп нормалары туралы ақпарат берілді.
