gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf

Новости

 Бүгін, 28 мамыр күні, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті. Аталған байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

  Байқауға Қарағанды облысының колледждерінен дене шынықтыру пәнінің 6 педагогі қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін және тәжірибелерін жоғары деңгейде көрсетті. Қатысушылардың барлығы байқауға тыңғылықты дайындалып, әр модульде белсенділік танытты.

Байқауға қатысушылар:

  1. «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шенфельд Анастасия Владимировна;
  2. «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Искакова Сауле Сандыбаевна;
  3. «IT & Business Қарағанды колледжі» ЖММ дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Оспанов Манарбек Жанабекович;
  4. «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Смаков Сержан Сейткаримович;
  5. «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ишанкулова Айман Мукановна;
  6. «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Манаш Алишер Ерболатович;

Байқау барысында қатысушылар келесі модульдер бойынша сынға түсті:

  • «Шығармашылық педагог» визиткасы;
  • «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу сабағының жоспарын әзірлеу;
  • Әзірленген сабақтың негізгі кезеңін өткізу;
  • «Дене шынықтыру сабақтарында спорттық жабдықтар мен құралдарды қолдану» тақырыбындағы шеберлік сыныбы.

Комиссия төрайымы:
Баймаганбетова Турсын Мукановна
- «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Комиссия мүшелері:

Комиссия құрамында:

Т. Бағдаулет – «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ дене мәдениеті және спорт факультетінің спорттық педагогикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м.;

Е. Жолдыбай – «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК дене тәрбиесі және әскери-патриоттық тәрбиелеу зертханасының әдіскері;

М.Ж. Қарынбаева – «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ дене мәдениеті және спорт факультетінің дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы;

Ж.С. Уразбеков – Саран қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші болды.

Байқау қорытындысы бойынша:

ІІІ орын – «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Смаков Сержан Сейткаримович;

ІІ орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Манаш Алишер Ерболатович;

І орын – «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Шенфельд Анастасия Владимировна иеленді.

      Байқау жеңімпазы Шенфельд Анастасия Владимировна республикалық кезеңде Қарағанды облысының намысын қорғайды.

      Барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды. Бұл сертификаттар педагогтердің алдағы кәсіби аттестациясынан өтуіне оң ықпалын тигізеді.

      Ұйымдастырушылар байқауға қатысқан барлық педагогтерге алғыс білдіріп, шығармашылық табыс, кәсіби даму және алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Байқауға қатысудың өзі — үлкен тәжірибе мен кәсіби жетістік. Сондықтан барлық қатысушыларды жеңімпаз деп айтуға толық негіз бар.

  

    Сегодня, 28 мая, в Саранском высшем гуманитарно-техническом колледже имени Абая Кунанбаева состоялся региональный этап Республиканского конкурса профессионального мастерства среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования по направлению «Спорт». Данный конкурс традиционно проводится ежегодно.

    В конкурсе приняли участие 6 преподавателей физической культуры колледжей Карагандинской области, которые продемонстрировали высокий уровень профессионального мастерства, творческий подход и педагогический опыт. Все участники тщательно подготовились к конкурсу и проявили активность в каждом модуле.

Участники конкурса:
1. преподаватель физической культуры ЧУ «Карагандинский высший колледж «Bolashaq»» Анастасия Владимировна Шенфельд;
2. преподаватель физической культуры КГКП «Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина» Сауле Сандыбаевна Искакова;
3. преподаватель физической культуры ЧУ «IT & Business колледж Караганды» Манарбек Жанабекович Оспанов;
4. преподаватель физической культуры КГКП «Карагандинский высший гуманитарный колледж» Сержан Сейткаримович Смаков;
5. преподаватель физической культуры КГКП «Карагандинский высший политехнический колледж» Айман Мукановна Ишанкулова;
6. преподаватель физической культуры КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева» Алишер Ерболатович Манаш.

    В ходе конкурса участники соревновались по следующим модулям:
* визитка «Творческий педагог»;
* разработка плана учебного занятия по предмету «Физическая культура»;
* проведение основного этапа разработанного урока;
* мастер-класс на тему «Использование спортивного оборудования и инвентаря на уроках физической культуры».

  Председатель комиссии:
Турсын Мукановна Баймаганбетова — методист КГКП «Учебно-методический центр развития образования Карагандинской области».

   В состав комиссии вошли:
* Т. Багдаулет — старший преподаватель кафедры спортивно-педагогических дисциплин факультета физической культуры и спорта НАО «Карагандинский исследовательский университет имени академика Е.А. Букетова», магистр педагогических наук;
* Е. Жолдыбай — методист лаборатории физического воспитания и военно-патриотического воспитания КГКП «Региональный научно-практический центр «Сарыарка дарыны»;
* М.Ж. Карынбаева — старший преподаватель кафедры физического воспитания факультета физической культуры и спорта НАО «Карагандинский исследовательский университет имени академика Е.А. Букетова»;
* Ж.С. Уразбеков — учитель физической культуры, педагог-исследователь КГУ «Общеобразовательная школа имени Абая» отдела образования города Сарани.

    По итогам конкурса:
🥉 III место — преподаватель физической культуры КГКП «Карагандинский высший гуманитарный колледж» Сержан Сейткаримович Смаков;
🥈 II место — преподаватель физической культуры КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева» Алишер Ерболатович Манаш;
🥇 I место — преподаватель физической культуры ЧУ «Карагандинский высший колледж «Bolashaq»» Анастасия Владимировна Шенфельд.

    Победитель конкурса Анастасия Владимировна Шенфельд будет представлять Карагандинскую область на республиканском этапе.

    Все участники были награждены специальными сертификатами, которые окажут положительное влияние при прохождении дальнейшей профессиональной аттестации педагогов.

   Организаторы выразили благодарность всем участникам конкурса, пожелав им творческих успехов, профессионального развития и удачи в дальнейших соревнованиях. Участие в конкурсе — это уже большой опыт и профессиональное достижение, поэтому всех участников по праву можно считать победителями.