Новости

     Президент бастамасы болған “Таза Қазақстан” акциясы аясында бүгін дене тәрбиесі бөлімінің студенттері “Таза бейсенбі” акциясын өткізді. Іс-шара барысында студенттер колледж аумағын, сондай-ақ қаланың орталық аллеясын қардан тазартты.

     Бұл акция тек аумақты тазалаумен ғана шектелмей, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Студенттер өздерінің еңбектерімен қоғамға үлгі көрсетті, сонымен қатар, табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау жауапкершілігін насихаттады. Мұндай бастамалар қоғамды біріктіріп, ортақ құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.