Новости

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында “Саналы ұрпақ” клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы отырысқа қоғам қайраткері, саясаттанушы және Antikor ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Серік Қамзиұлы Мұстафин қатысып, студенттермен ашық әңгіме өткізді.

    Кездесу барысында Серік Қамзиұлы жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның алдын алу шаралары және жастардың рөлі туралы айтып берді. Ол сыбайлас жемқорлықты жоюда саналы ұрпақтың маңызына ерекше тоқталып, адалдық пен әділдіктің құндылықтарын насихаттады.

    Студенттер кездесуде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша маңызды кеңестер алды. Бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлкен ықпал етті.