gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf

Новости

      26 ақпан күні облыстық қазақ тілі және мәдениет қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мутафин Серік Хамзинович  Абай Құнанбаев атындағы колледж студенттерімен мазмұнды диктант жұмысын өткізді.

Іс-шара барысында студенттерге тағылымы мол мәтін ұсынылып, диктант соңында шығарма авторы мен кейіпкері туралы танымдық талдау жасалды. Кездесу барысында қатысушылар ой бөлісіп, әдеби туындының тәрбиелік және рухани маңызы кеңінен талқыланды.

    Шара қорытындысында диктантқа қатысқан барлық студенттерге Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы сыйға тартылды.

     Аталған іс-шара студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ана тілі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.