Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінің оқытушылары Баймолдина Анар Сабыровна, Бакирова Сабира Туркеновна "Педагогикалық сынып" жобасы аясында Абай атындағы мектептің 9-11- сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, колледждегі мамандықтар туралы терең мағлұмат берді. Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ету мақсатында колледж студенттері өз мамандықтары туралы әсерлі пікірлерімен бөлісті.
