gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf

Новости

    13 марта 2026 года в стенах Саранского высшего гуманитарно-технического колледжа имени Абая Кунанбаева состоялось значимое событие — второй командный региональный турнир по шахматам. Мероприятие было посвящено памяти выдающейся личности — Абикенова Кабдырахмана Абикеновича, Заслуженного учителя РК и Почетного гражданина города Сарани.
    Наследие великого педагога
    Кабдырахман Абикенович посвятил родному учебному заведению более 50 лет своей жизни, пройдя путь от преподавателя до директора (1976–1990-е гг.). Его вклад в образование был отмечен на самом высоком уровне, включая премию Акима области «За вклад в развитие сферы образования». Участники почтили память наставника минутой молчания и просмотром биографического видеоролика.
     Итоги соревнований
   В интеллектуальной битве сошлись команды школ и колледжей Сарани и Караганды. По результатам напряженных партий места распределились следующим образом:
I место Школа-гимназия № 17 (1-я команда)
II место Общеобразовательная школа № 24 города Караганды
III место Школа-гимназия № 17 (2-я команда)
Грамотами за активное участие были отмечены команды Школы имени Абая и Школы № 6.
Почетные гости и организаторы
•    Багринцев Анатолий Петрович — Почетный гражданин г. Сарани.
•    Мустафин Серик Камзиевич — общественный деятель, политолог.
    Особая признательность за профессионализм выражена главному судье Герасимову Николаю Николаевичу и главному организатору Николаевой Светлане Геннадьевне.
   Такие турниры — это не просто спорт. Это живая связь поколений, где мудрость прошлого встречается с энергией будущего.

  

   Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде шахматтан аймақтық турнир өтті
   2026 жылғы 13 наурызда Саран қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Саран қаласының Құрметті азаматы Әбікенов Қабдырахман Әбікенұлын еске алуға арналған шахматтан II командалық аймақтық турнир өтті.
    Салтанатты шара Қабдырахман Әбікенұлының өмірбаянымен таныстырудан басталды. Ол өз өмірінің елу жылын осы оқу орнына (бұрынғы Саран педагогикалық училищесі) арнаған. 1976 жылдан бастап 20 жылдан астам уақыт бойы колледж директоры қызметін абыроймен атқарды.
•    2015 жылы Қарағанды облысы Әкімінің «Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша сыйлығының иегері атанды.
•    2022 жылғы 11 қарашада 92 жасында өмірден өткен ұлағатты ұстазды қатысушылар бір минуттық үнсіздікпен еске алып, арнайы бейнеролик тамашалады.
   Турнир нәтижелері
   Саран және Қарағанды қалаларының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен тартысты додада жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I орын№ 17 мектеп-гимназиясы (1-команда)
II орын Қарағанды қаласының № 24 жалпы білім беретін мектебі
III орын № 17 мектеп-гимназиясы (2-команда
   Сондай-ақ, Абай атындағы мектеп пен № 6 мектеп командалары белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
   Шараға Саран қаласының Құрметті азаматы Багринцев Анатолий Петрович, қоғам қайраткері, саясаттанушы Мұстафин Серік Қамзиұлы және колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
   Колледж әкімшілігі турнирдің бас төрешісі Герасимов Николай Николаевичке және ұйымдастырушы Николаева Светлана Геннадьевнаға ерекше алғыс білдіреді.