Новости

    Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Республика күніне арналған I бұқаралық Спартакиада салтанатты түрде аяқталды.
   Ауқымды спорттық шара колледж бен градообразующий кәсіпорын — «Tengri Tyres» ЖШС арасындағы әлеуметтік серіктестік пен дуальды оқыту меморандумы аясында ұйымдастырылды. Екі кезеңге созылған (31 қазан және 7 қараша) тартысты жарыс өндіріс пен білім беру саласын тек кәсіби бағытта ғана емес, бұқаралық спортта да ұштастыра білді.

    Спортшылар 10 спорт түрінен бақ сынасып, жоғары шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетті: волейбол, баскетбол, стол теннисі, пневматикалық винтовкадан ату, дартс, мини-футбол, күш гимнастикасы, секіртпемен секіру, арқан тарту және шахмат.

   Жарысқа 4 құрама команда қатысты:
«Tengri Tyres» ЖШС №1 командасы
«Tengri Tyres» ЖШС №2 командасы
Колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің командасы
Студенттер құрамасы («Жігер» студенттік парламенті)

    Шешуші екінші кезеңнің қорытындысы бойынша Спартакиаданың Жалпы командалық зачетінде орындар келесідей бөлінді:
🏆 I орын және Спартакиаданың БАС КУБОГЫ — Колледж студенттерінің құрама командасына бұйырды!
🥈 II орын — Колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің командасы иеленді!
🥉 III орын — «Tengri Tyres» ЖШС №1 командасы канжығасына байлады!

    Салтанатты жабылу рәсімінде колледж директоры Темирбулатова Алма Асхатовна сөз сөйлеп, қатысушыларға өз алғысын білдірді. Колледж жетекшісі өз сөзінде дуальды оқыту аясында «Шина өндірісі» мамандығы бойынша 50-ден астам түлектің зауытта табысты еңбек етіп жатқанын, ал мұндай бірлескен спорттық шаралар корпоративтік рух пен салауатты өмір салтын нығайтудың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

   Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медалдар және грамоталар салтанатты түрде табыс етілді. Шара мерекелік концерттік бағдарламамен және дәстүрлі «Атамекен» патриоттық әнімен аяқталды.

    Барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге алғыс білдіреміз! Біздің серіктестігіміз бен достығымыз одан әрі нығая бермек!

  

   Праздник спорта и партнёрства: подведены итоги I совместной Спартакиады!
   В КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева» состоялось торжественное закрытие Спартакиады, посвящённой Дню Республики Казахстан.
    Масштабный спортивный праздник прошел в рамках меморандума о социальном партнёрстве и развитии дуального обучения между колледжем и градообразующим предприятием ТОО «Tengri Tyres». Соревнования проходили в два этапа (31 октября и 7 ноября) и объединили на одной площадке преподавателей, студентов и сотрудников завода.
    Участники мерились силами в 10 видах спорта: волейболе, баскетболе, настольном теннисе, стрельбе из пневматической винтовки, дартсе, мини-футболе, силовой гимнастике, прыжках на скакалке, перетягивании каната и шахматах.

   В борьбе за первенство встретились 4 команды:
Команда №1 ТОО «Tengri Tyres»
Команда №2 ТОО «Tengri Tyres»
Команда преподавателей и сотрудников колледжа
Сборная студентов колледжа (Студенческий парламент «Жігер»)

    По итогам упорных двухдневных состязаний призовые места в общекомандном зачёте распределились следующим образом:
🏆 1 место и ГЛАВНЫЙ КУБОК СПАРТАКИАДЫ — завоевала Сборная студентов колледжа!
🥈 2 место — заняла Команда преподавателей и сотрудников колледжа!
🥉 3 место — завоевала Команда №1 ТОО «Tengri Tyres»!

   На церемонии закрытия с приветственным словом к участникам обратилась директор колледжа Темирбулатова Алма Асхатовна. Она подчеркнула, что продуктивное сотрудничество с ТОО «Tengri Tyres» выражается не только в подготовке квалифицированных кадров по специальности «Производство шин» и трудоустройстве более 50 выпускников колледжа, но и в совместном развитии спортивной культуры и здорового образа жизни.

   Победители и призёры были награждены дипломами, медалями и памятными кубками. Завершился спортивный праздник яркими творческими номерами и душевным исполнением песни «Атамекен».

    Поздравляем всех участников и призеров! Выражаем благодарность руководству ТОО «Tengri Tyres» за поддержку инициативы и искренне верим, что проведение совместной Спартакиады станет нашей ежегодной традицией!