Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-теникалық колледжінде Саран қаласының мектеп оқушыларына арналған кәсіби сынама жұмысы жүргізілді. Мектеп оқушыларына колледждегі мамандықтар бойынша ақпарат беріліп, мамандыққа деген бейімдерін сынауға мүмкіндік берілді. "Кәсіп әлемі" модулімен танысып, болашақта таңдайтын мамандықтарының ерекшелігі жөнінде хабар алды.
