Новости

    Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдап, тікелей эфирді тамашалады.

    Жолдауда инклюзивті білім беруді дамыту, педагогтердің мәртебесі мен құқықтарын қорғау, білім беру сапасын арттыру және ұстаздардың кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндік беру, білім беру ұйымдарының қолжетімділігін арттыру, қағазбастылықты азайту және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану – білім беру жүйесін жетілдірудегі маңызды міндеттер.

     Сонымен қатар, педагог пен білім алушы арасындағы өзара құрметті нығайту, жастардың бойында жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, отбасы мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысын күшейту мәселелері де маңызды орын алады.

    Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалар еліміздің білім беру жүйесін одан әрі дамытуға, педагогтердің қоғамдағы беделін арттыруға және сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасауға бағытталған.

    Біз білімді, саналы, жауапты әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу жолында осы маңызды міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз!