22.04.26 күні Саран қаласының мәдениет үйінде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің “Жігер” студенттік парламентінің ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында “Көктем аруы – 2026” байқауы жоғары деңгейде өтті. ✨
Қарағанды қаласының түрлі колледждерінен келген 11 қатысушы ару өз өнерін, ақылын, сұлулығы мен сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті. Кеш ерекше әсерге толы болып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

🏆 Номинация иегерлері:
✨ “Ақылды қыз” – Назарова Алуа
КМҚК “Абай көпсалалы колледжі”
✨ “Мисс харизма” – Рымбекова Камила
КМҚК “Қарағанды технология және сервис колледжі”
✨ “Сән сүйіктісі” – Рустамова Дильназ
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі
✨ “Көктемнің нәзік гүлі” – Серікбай Жібек
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі
✨ “Көрермен көзайымы” – Сагиева Ақниет
Инновациялық технологиялар колледжі
✨ “Нағыз көркем ару” – Мүтәл Аяулым
Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі
🥉 3-орын – Камбарова Айсана
Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды жоғары колледжі
🥉 3-орын – Бексеит Сәнім
ЖМ “Қарағанды жоғары медициналық колледжі”
🥈 2-орын – Төлеубай Гүлфайрус
Қарағанды “IT&BUSINESS” колледжі
🥇 1-орын – Мәуленқызы Жанерке
Шет тілдер колледжі ЖММ
👑 БАС ЖҮЛДЕ – “Көктем аруы – 2026”
🌟 Рымбекова Амина
Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі
Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай тәрбиелік мәні зор, қыз баланың инабаты мен өнерін дәріптейтін шаралар жалғасын таба берсін! 🌷✨
