Мектеп оқушыларының қысқы демалыс кезеңінде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде кәсіби сынама жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Саран қаласы, Абай ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар колледжегі мамандықтар бойынша ақпарат алып, өздерін мамандыққа қатысты дағдыларын сынауға мүмкіндік алды. Кәсіби сынама жұмыстары көктемдегі демалыс уақытында да өз жалғасын табады.