Новости

   Бүгін Қарағанды облысы, Саран қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» бағдарламалары аясында «Спортшымен кездесу» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

   Кездесудің құрметті қонағы спортшы, тәжірибелі жаттықтырушы, «Көкжал» аралас жекпе-жек клубының негізін қалаушы Жанатов Айдын Батырланович өзінің спорттағы өмір жолы, жетістіктері, жаттықтырушылық тәжірибесі және өмірлік ұстанымдарымен бөлісті.

   Сонымен қатар, «Көкжал» аралас жекпе-жек клубының психологы Рыспекова Лилия Еркінқызы студенттерге психологиялық дайындық, рухани төзімділік, өзін-өзі басқару және мақсатқа жету жолындағы мотивация туралы құнды кеңестер берді.

   Іс-шара барысында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, заңды құрметтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

   Спорт – тек жеңіс пен жетістік емес, ол – табандылықтың, тәртіптің, адалдық пен жауапкершіліктің мектебі.

   Адал азамат – рухы мықты, тәртібі берік, заңды құрметтейтін және өз ісіне жауап бере алатын тұлға!

#АдалАзамат #ЗаңМенТәртіп #КүштіРух #Спорт #Тәрбие #Көкжал #СалауаттыӨмірСалты