5 сәуір күні колледжде жұмыс сапарымен Қарағанды облысының әкімі Бөлекбаев Е.Қ. және Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Жунусова Г.С. болды. Кездесу барысында колледж директоры Темирбулатова А.А. колледжің қызметі, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында атқарылған жұмыстар жөнінде және колледждің жетестіктері, әлеуметтік серіктестермен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, ақпарат беріп колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Кездесу соңында облыс әкімі колледждегі әлеуметтік серіктестермен жасалып жатқан жұмыстарға, жоғары курс студенттерінің оқумен қоса өндіріс орындарда жұмыс істеп толыққанды айлықпен қамтамасыз ету тәжірибесіне жоғары баға берді. Білім беру басқармасының басшысы Гүлбахыт Серікжанқызы колледждің барлық ғимараттарымен танысып, колледж әкімшілігіне колледжің оқу-өндірістік әлеуқатын ары қарай дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.