30 мамыр күні «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экологиялық акцияға колледж студенттері белсенді қатысты.
Облыс орталығында өткен ауқымды іс-шараға партияның өңірлік филиалдарының өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.
Саран қаласынан ағаш отырғызу жұмыстарына қала әкімі Дарын Бұлқайыр, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, волонтерлер мен белсенді жастар атсалысты. Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуы экологиялық бастаманың маңыздылығын айқындай түсті.

Акция Қарағанды қаласындағы жаңа экопарк аумағында өтті. Саран қаласынан келген қатысушылар 100 көшет отырғызып, өңірді көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Мұндай игі бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Колледж студенттерінің қоғамдық маңызы зор шараларға белсенді қатысуы олардың азаматтық ұстанымы мен туған өлкенің дамуына деген жанашырлығын көрсетеді.