Новости

      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен бірлік пен ынтымақ айлығы аясында колледж жатақханасында “Тәуелсіздік құрбандары” атты іс-шара өтті.

     Бұл шараның мақсаты — студенттерге тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, азаттық жолында құрбан болған тұлғаларды еске алу және олардың ерліктерін ұрпаққа үлгі ету.

     Іс-шара барысында студенттер Желтоқсан оқиғасының қаһармандары мен Тәуелсіздік үшін күрескен батырлардың ерліктері туралы мәліметтермен бөлісіп, тақырыпқа сай өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, Тәуелсіздік құрбандарына арналған әндер айтылды.

     Мұндай шаралар студенттердің ұлттық сана-сезімін оятып, ел тарихын құрметтеуге және тәуелсіздікті бағалауға баулиды.