Новости

    Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Жәрмен Айым облыстық педагогикалық олимпиадада III орын иеленіп, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Студентті олимпиадаға жетекшісі Копишева Ақсәулем Дәуренбекқызы дайындады.

    Олимпиаданы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің педагогикалық факультетімен бірлесіп өткізді. Байқауға облыс мектептері мен педагогикалық колледждерінің білім алушылары қатысты. Айым техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағыты бойынша жүлделі орынға ие болды.

    Бұл жетістік Айымның болашақ мамандығына қызығушылығы мен ізденісін көрсетеді. Жүлделі нәтиже студент пен жетекшісінің бірлескен еңбегінің жемісі.

    Жәрмен Айым мен Копишева Ақсәулем Дәуренбекқызын құттықтаймыз! Айымға білім жолында жаңа табыстар, ал жетекшісіне шәкірттерінің жетістігі арта беруін тілейміз.