gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf

Новости

     Бүгін Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі «Жігер» студенттік парламенті Таза Қазақстан акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
     Сенбілік барысында қатысушылар белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. Сонымен қатар, жасыл желектерге күтім жасалып, аумақтың көркеюіне өз үлесімізді қостық.
    Осындай шаралар адамдарды бірлікке шақырып, туған жерге деген жауапкершілікті арттырады. Жалпы, “Таза Қазақстан” бастамасы – тек тазалық емес, ол әр азаматтың елге деген жанашырлығы мен мәдениетінің көрінісі болып табылады.