«Көмек» акциясы аясында колледж студенттері жалғыз тұратын қарт әжейге көмек көрсетті. Студенттер бақшаның жерін қопсытып, арам шөптерін жұлып, аула аумағын ретке келтіруге атсалысты.
Осындай қайырымдылық шаралары тұрақты түрде өткізіліп, жастардың үлкендерге деген құрметін, мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
