Новости

Жатақханада студенттік кеңестің отырысы өтті

 

21 қазанда Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің жатақханасында студенттік кеңестің отырысы өтті.

 

Отырыс барысында студенттердің жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері қарастырылып, тәртіп бұзушылық жағдайлары талқыланды. Сонымен қатар студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-көпшілік және тәрбие іс-шараларын жатақхананың жұмыс жоспарына және «Адал азамат» бағдарламасына сәйкес өткізу мәселелеріне назар аударылды.

 

Отырыс студенттердің тәртібі мен жауапкершілігін арттыруға, жастардың тәрбиесіне және жатақханада қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.

 

#СтуденттікКеңес #ТәрбиеЖұмысы #АдалАзамат #Жатақхана