gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf

Новости

    23-25сәуір аралығында колледжіміздің студенті «Жігер» студенттік парламентінің президенті Жармен Айым Щучинск қаласындағы «Балдәурен» лагеріне «Жазғы Boom!» атты республикалық слётқа барып келді. «Балдәурен» республикалық орталығында еліміздің ең белсенді жастары бас қосты! Бұл жай ғана демалыс емес, бұл – нағыз көшбасшылар мекені.
Бағдарламада:
✨ Көшбасшылық тренингтер мен шеберлік сағаттары;
✨ Креативті жобалар мен интеллектуалдық додалар;
✨ Ұмытылмас кештер мен жаңа достар.
    Мақсаты: Слёт балаларды жыл бойы сауықтыру, демалу және еңбекпен қамту жүйесін ұйымдастырудың сапасы мен тиімділігін арттыру, осы қызмет саласының кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында өтті.
Бұл слётқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді, дарынды жастар қатысып, өз қабілеттерін дамытып, жаңа идеялармен бөлісті. 🔥

    «Балдаурен» – тек лагерь емес, бұл – армандар орындалатын, достық басталатын ерекше әлем! 🌟