2 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлы атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің жатақханасында Саран қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері студенттермен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, дропперлік, алаяқтық, қаңғыбастық және басқа да құқық бұзушылықтар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Студенттерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары, алаяқтықтан сақтану және жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Кездесуге Саран қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері:
* полиция подполковнигі Қожжанов Ш.У.;
* полиция капитаны Нығметов М.Б.;
* полиция аға лейтенанты Хан Ж.В.;
* полиция капитаны Әбикеев Е.О. қатысты.
Колледж тарапынан тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Жаяубаев Ж.К., жатақхана меңгерушісі Омарова Қ.А., оқытушылар Манаш А.Е., Монголия Ж., сондай-ақ жатақхана тәрбиешілері қатысты.
Осындай профилактикалық кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Заң мен тәртіп – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
#ЗаңЖәнеТәртіп
