20 ақпан күні КМҚК «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде» «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Хулиганка» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Іс-шараның мақсаты - есірткінің заңсыз айналымы, буллинг және агрессияға байланысты құқықбұзушылықтардың салдарын түсіндіру, сондай-ақ жасөспірімдердің заң алдындағы жеке жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрсетілімге қазақ бөлімінің 1–3 курс студенттері, колледж әкімшілігі, педагог-психолог және топ жетекшілері қатысты. Фильмнен кейін киноталқылау ұйымдастырылып, білім алушылар фильмде көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, құқыққа қарсы әрекеттердің себептері мен салдарын талқылады.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, жеке жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті және ойланбай жасалған әрекеттердің құқықтық салдары ауыр болатынын түсінді.
Аталған іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.

20 февраля в КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева» состоялся показ документального фильма «Хулиганка» в рамках реализации принципа «Закон и порядок», антибуллинговой программы «ДосболLIKE» и Единой программы воспитания «Адал азамат бртұтас тәрбие.
Цель мероприятия - разъяснение последствий преступлений, связанных с незаконным оборотом наркотиков, буллингом и проявлениями агрессии, а также формирование у подростков осознанного отношения к личной ответственности перед законом.
В показе приняли участие студенты 1–3 курсов казахского отделения, представители администрации колледжа, педагог-психолог и классные руководители. После просмотра был организован киноразбор, в ходе которого обучающиеся обсудили причины и последствия противоправных действий, затронутых в фильме.
Студенты активно включились в диалог, отметили актуальность поднятых проблем, подчеркнули важность соблюдения закона и сделали вывод о серьёзности правовых последствий необдуманных поступков.
Проведённое мероприятие направлено на формирование правовой культуры, развитие критического мышления и профилактику правонарушений среди молодёжи.