«Студенттік лига» бағдарламасы аясында дзюдо күресінен өткен қалалық чемпионатта ДТ-9-25 тобының студенті Гүльназ Абдулхамитова 48 келі салмақ дәрежесінде II орын иеленді.
Қалалық деңгейдегі жарыста жүлделі орын алу — Гүльназдың спортқа деген ынтасы мен табанды еңбегінің нәтижесі. Оның жетістігі ДТ-9-25 тобы үшін қуанышты жаңалық болды.
«Студенттік лига» бағдарламасы жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, өз қабілеттерін жарыс барысында көрсетуіне мүмкіндік береді. Гүльназдың жеңісі басқа студенттерге де жігер беріп, белсенді өмір салтын ұстануға ынталандырады.
Гүльназды жүлделі II орнымен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.
