2026 жылдың 16 сәуірінде Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары А.А. Тунгушбекова мен Т.А. Болдырева Бұқар жырау ауданының мектептерінде кәсіби бағдар беру мақсатында көшпелі кездесулер өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығын түсіндіру, колледж мамандықтарымен таныстыру және жастарға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру болды.
