Бүгін колледжде терроризмге қарсы қорғаныс және өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында шартты түрде террористік шабуыл қаупі туындаған жағдайда оқытушылар мен студенттер белгіленген алгоритм бойынша әрекет етті. Барлық аудиторияларда есіктер бекітіліп, қорғаныс шаралары ұйымдастырылды. Тексеру барысында «шартты террористер» аудиторияларға кіре алмады.
Келесі кезеңде өрт қауіпсіздігі бойынша эвакуациялық жаттығу өткізілді. Дабыл белгісі берілгеннен кейін оқытушылар мен студенттер ғимараттан қауіпсіз түрде шығып, жиналу орнына орналасты.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жаяубаев, дене тәрбиесі оқытушысы Ж.Сапаров пен А.Алдабергенов қатысушылардың іс-әрекеттерін талдап, оң тұстар мен кемшіліктерге тоқталды. Сонымен қатар, осындай оқу-жаттығулар алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетіні ескертілді.

Сегодня в колледже были проведены учения по антитеррористической защищённости и пожарной безопасности. В ходе учений был отработан алгоритм действий при условной террористической угрозе. Преподаватели и студенты действовали в соответствии с установленными требованиями: аудитории были закрыты и организованы защитные меры. В результате проверки «условные террористы» не смогли попасть ни в одну аудиторию.
На втором этапе была проведена учебная эвакуация по пожарной безопасности. После сигнала тревоги преподаватели и студенты организованно покинули здание и собрались в установленном месте.
По итогам учений заместитель директора по ВР Жаяубаев Ж.К., преподаватель физкультуры Сапаров Ж.Т. и заместитель по хозяйству Алдабергенов А.Б. провели разбор действий участников, отметили положительные моменты и указали на недостатки, требующие устранения. Также было отмечено, что подобные учения будут проводиться на регулярной основе.