Новости

   Бүгін колледжде Бірінші Қарағанды телеарнасының журналистері “Аймақ” бағдарламасына түсірілім жұмыстарын жүргізді. Түсірілім барысында оқу орнының жетістіктері, заманауи материалдық-техникалық базасы және студенттердің күнделікті өмірі туралы толыққанды репортаж дайындалды.

   Телеарна өкілдері колледждегі мамандықтарға арналған арнайы пәндер кабинеттерін, спортзал, зертханалар, өндірістік цехтарды көрсетті. Сонымен қатар, білім берудің сапасын қамтамасыз ететін оқытушылармен және колледждің мақтанышы саналатын студенттермен сұхбат жүргізілді.

   Бұл түсірілім колледждің оқу процесін ұйымдастырудағы жоғары деңгейін көрсетіп, оның аймақтағы беделін нығайтуға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға ықпал етеді деп сенеміз.