Бүгін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар проблемалардың тиімді шешімдерін анықтау, сараптау және жариялау мақсатында «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында білім беру саласындағы әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың IV Халықаралық Жәрмеңкесі басталды.
Екі күнге созылатын бұл Мемлекеттік, коммерциялық және азаматтық институттардың мүмкіндіктері мен ресурстарын біріктіру арқылы білім беру саласының инновациялық капиталын дамытуды ұстанған жәрмеңкеге мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, негізгі орта білім беру ұйымдары, техникалық кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы (түзету) білім беру мекемелері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, әлеуметтік сала, мәдениет, дене шынықтыру және спорт ұйымдардың авторлары мен авторлық ұжымдары қатысуда.
Жәрмеңке төмендегі мазмұнды бағыттар бойынша өтеді:
- Әдістемелік қызметтегі және педагогтердің құзыреттілігін арттыруда инновациялық шешімдер;
- Өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық технологиялары;
- Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар;
- Білім беру қызметін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;
- Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері;
- Қосымша білім берудегі инновациялар;
- Білім беру және әлеуметтік саладағы инклюзия;
- «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде кітапхана ісінде инновациялық технологияларды пайдалану;
- Білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері;
- ХХІ ғасырдың кәсіби және әлеуметтік дағдылары (WorldSkills);
- Студенттер мен оқушылар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту;
- Рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтарын дарыту.
Сегодня, 24 апреля, Саранский высший гуманитарно-технический колледж им. А.Кунанбаева гостеприимно распахнул свои двери для коллег из разных уголков нашей Родины и всего мира. В течение двух дней они будут делиться своими творческими идеями в сфере образования.
Организаторами этого масштабного и значимого для педагогов разных стран мероприятия является КГКП «Учебно-методический центр развития образования Карагандинской области» и КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева».
Открытие IV Международной Ярмарки социально-педагогических инноваций в сфере образования состоялось в Доме культуры города Сарани. С приветственным словом к участникам и гостям обратились Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, директор КГКП «Учебно-методический центр развития образования Карагандинской области», и Темирбулатова Алма Асхатовна, директор КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева». О ходе работы презентационных площадок собравшимся рассказала Муфталова Акку Кусаиновна, заместитель директора КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева».
В ярмарке принимают участие более 230 человек из нашей страны, России, Румынии, США и других государств ближнего и дальнего зарубежья.
Весь день в стенах колледжа работают демонстрационные площадки - презентации стендов с информационным материалом, в содержании которых отражались предложенная идея инновационной работы, и презентационные площадки на интернет – платформах.