gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf

Новости

    10 сәуір күні «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету және жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды телекөпір өтті.
    Жиынның басты ерекшелігі — спикерлер ретінде қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан азаматтардың қатысуы болды. Олар жасаған қателіктеріне өкініш білдіріп, жастарға өз өмірлік тәжірибелері негізінде сабақ боларлық ойларын айтты.

    Телекөпір барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
«Закладка» қаупі: Есірткіні жасырын таратудың соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні туралы ескерту.
Интернет-алаяқтық және дропперлік: Оңай олжаға алданып, қылмыстық схемаларға араласып кетпеу жолдары.
Буллинг және кибербуллинг: Жастар арасындағы психологиялық қысым мен қорқытудың зардаптары.
    1-ші курс студенттері ZOOM платформасы арқылы қосылып, мамандар мен спикерлерге сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Мұндай іс-шаралар жастардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, жат қылықтардан аулақ болуға үндейді.

 

   10 апреля, в рамках продвижения идеологемы «Закон и порядок», состоялся масштабный телемост, организованный Управлением образования Карагандинской области совместно с Департаментом уголовно-исполнительной системы. Основная цель мероприятия — профилактика правонарушений, наркопреступности и лудомании среди подростков и молодежи.

   Главной особенностью встречи стало участие в качестве спикеров лиц, отбывающих наказание в исправительных учреждениях. Осужденные, выразившие искреннее раскаяние, обратились к молодежи с призывом не повторять их ошибок и ценить свободу.

   В ходе телемоста были детально разобраны следующие темы:
Опасность «закладок»: Реальные сроки за участие в незаконном обороте наркотиков.
Интернет-мошенничество и дропперство: Как молодежь вовлекают в преступные схемы и как этого избежать.
Буллинг и кибербуллинг: Ответственность за психологическое давление и травлю в молодежной среде.

    Студенты и учащиеся организаций образования области подключились к встрече через платформу ZOOM. Прямой диалог и реальные истории из жизни произвели на участников сильное впечатление, подчеркнув важность законопослушного поведения.