Бүгін, 25.06.2025 күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінің дене тәрбиесі бөлімінің бітіруші түлектеріне арналған "Ақ жол саған, Жас түлек!" атты диплом тапсыру салтанаты өтті.
Бітіруші топтар ДТ-9-21 тобы, топ жетекшісі Ибраева Г.К. және ФК-9-21 тобы, топ жетекшісі Сапаров Ж.Т. Биыл жалпы 52 студент оқуды аяқтап, мамандық иесі атанды.
Колледж директоры Темирбулатова Алма Асхатовна құттықтау сөзін айтып, 52 студенттің қолына «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша диплом табыстады. Түлектерге ақ жол тілеп, ата-аналары да өз лебіздерін білдірді.