Новости

     Алихан Ермеков – колледжіміздің негізін қалаушыларының бірі!
⠀  Бүгін Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің әкімшілігі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш арысы Алихан Ермековтің жерленген жеріне барып, Құран бағыштады.  
⠀  Алихан Ермеков – қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен, ғылым мен білім саласында өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол біздің колледжіміздің де алғашқы қалыптасу кезеңіне үлес қосқан негізін қалаушылардың бірі.
⠀  Оның есімі мен еңбегі – біз үшін үлкен мақтаныш, әрі ұрпаққа - үлгі.