Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Алаш қайраткері, қазақтың тұңғыш математигі, профессор Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың мұрасына арналған "Алаш Time" форумын өткізді. Форум аясында мектеп оқушылары арасында математикалық олимпиада, жас ғалымдар арасында конференция, колледж студенттері аясында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Әр бөлім бойынша жеңімпаздар Алғыс хат, диплом, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Форум жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледж студенттерінің "Ұлағат" командасы 3-орынды, Диплом және 90 мың теңге көлемінде сыйақы иеленді.
Команда басшысы: Қтә 9_21 тобының студенті Еркебұлан Ислам.
Команда мүшелері: Бм 9-22 тобының студенті Дәрібай Гаухар, ҚТӘ 9-21 тобының студенті Ерғали Мейірбек, БМ-9-21 тобының студенті Ныгметдолда Ораз, Қтә 9-22 тобының студенті Абдикенова Аяулым, Қтә 9-22 тобының студенті Таласова Аяулым.
Жетекшілері: математика пәнінің оқытушылары: Садыханова Сандуғаш Кенжебековна, Алтай Қымбат Салейқызы.