2026 жылғы 13 қаңтар күні колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша өткен республикалық онлайн түсіндіру жиналысына қатысты.
Жиналыс ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №281 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Жаңа талаптар мен іс-шаралар жоспары талқыланып, бағдарламаның білім беру ұйымдарындағы орындалу барысы түсіндірілді.
Іс-шараны Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесіп өткізді.
