Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Karaganda – 2026 аймақтық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Чемпионаттың ашылу кезеңінде қатысушылар мен сарапшыларға техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бойынша нұсқаулық жүргізіліп, competition area алаңдарында ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.
Қатысушылар чемпионаттың талаптарына сәйкес toolbox құралдарын даярлап, инфрақұрылымдық парақтармен, техникалық жабдықтармен және жұмыс орындарының материалдық-техникалық базасымен танысты.
WorldSkills стандарттарына сай ұйымдастырылған чемпионат жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін шыңдап, практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

